Здесь вы можете найти ответы на распространённые вопросы. Если ваш вопрос остаётся без ответа, не стесняйтесь обращаться к администратору.
Курсқа қанша уақыт беріледі?
Курсты өтудің қалыпты уақыты 2 апта, егер үйлестірушімен басқаша белгіленбесе.
Оқуды өту барысында тренерге сұрақ қоюға бола ма?
Сіздер өз сұрақтарыңызды осы бетте төменде көрсетілген WhatsApp немесе Тelegram қосымшалары арқылы жібере аласыздар.
Егерде мен қандай да бір кезеңде оқуды жалғастырудан айнып қалсам?
Сіз өз қамқорлығыңыздағы баламен кездесуге және танысуға дейін кез келген уақытта бас тартуға құқыңыз бар. Өз шешіміңізді өз қалаңыздағы үйлестірушіге хабарлауыңызды өтінеміз.
Оқуды өткеннен кейін енді мен өз қамқорлығымдағы баламен таныса аламын ба?
Оқу тәлімгерлікке үміткерлерді іріктеудің соңғы кезеңі болып табылмайды. Онлайн мектепті өткеннен кейін сізді жоба үйлестірушісі және психологімен топтық кездесуге шақырады. Үйлестіруші сізге алдын ала кездесудің күнін, уақытын және өтетін орнын хабарлайды. Одан кейін сізге жеке сұхбаттасу белгіленеді және тек содан кейін сізге іріктеудің нәтижесін хабарлайды.
Егерде мен берілген уақытта оқуды өтуге үлгермесем, не болады?
Өз үйлестірушіңізге берілген уақытта оқуды өтпегеніңіздің себебін хабарлаңыз және оқуды жалғастырудың мүмкіндіктерін біліңіз.
Егерде мен оқуды мерзімінен бұрын өтсем не істеймін?
Келесі кезең үйлестірушілер және психологтармен топтық кездесу болып табылғандықтан белгіленген уақытқа дейін күту қажет. Сайтта пайдалы ресурстар, оқулықтар және оқу құралдары бар, сізге жобаны оданда әрі толығырақ білуге және өз ынталануыңызды тексеруге көмектеседі.